Тізімдегі бес кәсіпорынды ферроқорытпа зауыты мен энергетикалық компания бастап тұр. Былтыр бұл қос нысанда алты-алтыдан жазатайым оқиға тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, кәсіпорын үлкен болған сайын өндірістік жарақат алудың мүмкіндігі де жоғарылайды.
Тізімді алты жазатайым оқиға тіркелген Ақсу ферроқорытпа зауыты мен "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ бастады. Әрі қарай бес-бестен жарақат алу фактісі бар KSP Steel, "Богатырь көмір" және павлодарлық Алюминий зауыты жайғасты.