Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Мексикада автобус апатынан 17 адам қаза тапты

AstanaTV
21.02.2023ж. 14:09
1288
Мексикада автобус апатынан 17 адам қаза тапты

Мексикада мигранттар мінген автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Мерт болғандардың көбі – Венесуэла, Колумбия және Орталық Американың өзге елдерінен жолға шыққан азаматтар. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, өз отанынан қашып, жақсы өмір іздеп АҚШ-қа аттанғандар әдетте шекараға дейін Мексиканың қауіпті жолдарымен барады. Жергілікті билік өкілдері мәлімдегендей, автобуста 45 жолаушы болған. Ал, оның аударылуына жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуы себеп болған сыңайлы.