$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ащы шындық» атты жаңа ток-шоу 27 ақпаннан бастап көрсетіледі

AstanaTV
21.02.2023ж. 14:12
4405
«Ащы шындық» атты жаңа ток-шоу 27 ақпаннан бастап көрсетіледі

«Астана» телеарнасы «Ащы шындық» атты жаңа ток-шоуды көрермен назарына ұсынбақ. Бағдарлама 27 ақпаннан бастап 17:55-те эфирден көрсетіледі.

Реалити-шоу барысында тілшілер мен сарапшылар тағдыр тәлкегіне түскен қазақстандық әйелдердің түйткілді мәселелерін шешуге тырысады. Жоба авторлары «Эфирден кейін кейіпкерлер қиын өмірлік жағдайлардан шығып, әлемге деген көзқарастарын өзгертеді», - деп уәде береді.

Әлеуметтік ток-шоудың басты кейіпкерлері – қиын жағдайға тап болған жиырма әйел. Олардың біреуі зорлық-зомбылықтың құрбаны болса, енді біреулері балаларын жалғыз тәрбиелеп, күйеуінен алимент өндіре алмай жүргендер. Арасында жазықсыздан-жазықсыз абақтыға түскендер де бар. «Ащы шындық» ток-шоуы еліміздің барлық өңірін қамтиды. Күн-түн демей, тілшілер жолға шығып, қиындыққа тап болған әйелдерге заң тұрғысынан, психологиялық, тіпті, материалдық көмек көрсетуге дайын.