$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Атырауда қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде пара алған көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 8 жылға сотталды

AstanaTV
21.02.2023ж. 17:18
1368
Атырауда қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде пара алған көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 8 жылға сотталды

Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ірі габаритті немесе ауыр салмақты көлік құралдарының Атырау облысы аумағынан жүріп өтуін қадағалау барысында заңды тұлғалардың көліктерін тексермей және әкімшілік жауапкершілікке тартпай, облысы аумағында еркін және кедергісіз қозғалуына ықпал жасаған. Осылайша 2020-2022 жылдар аралығында барлығы 13 ЖШС-нен пара ретінде бірнеше рет, ірі мөлшерде жалпы соммасы 23 817 000 теңгені жұбайының, анасының, енесінің, әріптесінің жұбайының аттарындағы «Kaspi Gold» қосымшасындағы шоттары арқылы алған.

Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, ЖТӘ нәтижелерімен, бейнежазбаларымен, арнайы тексеру құжаттарымен, сот фонографиялық, сот психологиялық-филологиялық сараптамалар және аудиторлық қорытындыларымен өз дәлелін тапты.

Сот үкімімен оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.