Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралда пайдаланусыз жатқан 542 гектар жер коммуналдық меншікке кері қайтарылды

AstanaTV
02.09.2016ж. 20:00
2596
Оралда пайдаланусыз жатқан 542 гектар жер коммуналдық меншікке кері қайтарылды

Оралда пайдаланбай, бос жатқан 542 гектар жер коммуналдық меншікке қайтарылды. Бұған қоса тағы мың гектардай жерді иесіз деп тану туралы талап-арыз сотқа жіберілген. Бұл туралы біздің телеарнаға Орал қалалық әкімдігі хабарлады.

Бүгінде жайылымдық, шабындық жерлер мен бау-бақша егуге болатын, аумағы екі жарым мың гектардың бос жатқаны анықталыпты. Мұның 233 гектарын иелері өз еріктерімен мемлекетке қайтарған. Ал қалғандарының жерді жалға алу мерзімі біткен, енді бірінің иесі қайтыс болған немесе қожайыны басқа жаққа көшіп кеткен көрінеді. Ал жер иелерінің бірқатары ақшасы болмағандықтан, сырттан инвестор күтуге мәжбүр. Сонымен қатар, қала маңындағы 250 саяжай да коммуналдық меншікке қайтарылған. Иесіз жатқан жерлерді анықтау ісі алдағы уақытта да жалғаспақ.

Ерлан Ғалиев, Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

542 гектар жер мемлекетке кері қайтарылды. Сонымен қатар 955 гектар бойынша материалдар инспекция тарапынан сотқа жіберілді. Сонымен қатар 860 гектар жерден жер иесі өз бетінше бас тартып отыр оны одан әрі қолдануға. 

Алдағы қазан айында қаладағы жер телімдері түгелдей инвентаризациядан өткізілмек. Бұл істі өз мойнына алған облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура өкілдері, қанша жердің нақты мақсатта қолданылып жатқанын, анықтайтын болады. 


Еркін КАРИН