$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Оралдық 2 жасар сәби қос жанарынан айырылуы мүмкін

21.02.2023ж. 20:00
1690
Оралдық 2 жасар сәби қос жанарынан айырылуы мүмкін

Орал қаласындағы екі жасар Илья Смирновқа тезірек операция жасалмаса, көзі мүлдем көрмей қалуы мүмкін. Бірақ отаның өзі оңай емес. Ресейлік дәрігерлер ол үшін 2 миллион теңге сұрапты. Амалы таусылған отбасы қажет қаржыны қайдан табарын білмей қазір дағдарып отыр.

Ұлының саулығын уайымдаған Галинаның сарсаңға түскеніне 2 жылдан асқан. Айтуынша, дүниеге келген кезде баласы жарықты елемейтінін, тіпті екі көзінің көлемі әртүрлі екенін байқапты. Осыдан кейін офтальмолог нәрестенің оң жақ көзі «туа біткен глаукома» деген диагноз қояды.

Галина ЛАПИНА-СМИРНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дәрігер бізге ем қонбайтынын, баламның мәңгі соқыр болып қалатынын естігенде зәреміз кетті. Осыдан кейін жанұшырып, аурухана жағаладық. Кейін нақты диагноз қойылғасын, Алматыдағы көз аурулары институтына барыңдар деді.

Бірақ Алматыдағылар бүкіл ем-домды ақылы жасап, емделуге бірнеше рет келуін айтқан. Бірақ қайта баруға отбасының шамасы келмейді. Осыдан кейін кішкентай Ильяға Санкт-Петерборда операция жасалады. Дегенмен дәрігерлер әлі дәрменсіз.

Жанна МУРСЕНОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өте қиын ауру деп айтамын енді. Туа біткен ауруды өзіңіз білесіз... наблюдение, әрі қарай может быть... қазір біз ештеме айта алмаймыз туа біткен ауру болғандықтан. Динамикалық қабылдаумен қаралып, көз дәрігері мен учаскелік дәрігерге қаралуына болады.

Бірақ операциядан кейін де нәресте жүрер жолын көрмей, сүрініп құлай берген. Дәрігерлер тағы да операция жасау керек деп отыр. Бірақ отбасының Ресейге тағы баруға жағдайы жоқ. Галина өзі жетім өскен, жолдасының жалақысы мардымсыз, отбасының қажеттілігінен артылмайд. Оралдықтардың көмегімен 900 мың теңгедей жылу жиналған. Бірақ бұл ақша да жетпей тұр.

Галина ЛАПИНА-СМИРНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жерлестерімнен ұлыма көмектесуін сұраймын. Көп түкірсе көл болар деген. Операцияға қажет ақшаны жиналар деген үмітімізді үзбей, 1-наурызға пойызға билет алдық. Біздің небәрі 8 күн уақытымыз қалды.

Ильяның көзі көрмегені аздай, орталық жүйке жүйесі зақымданған, өзге де дерттері бар. Осының кесірінен суық тиіп, жиі ауырады екен. Бірақ ата-анасы Ильяның зағип болып қалуына жол бермей, тым болмаса, оң көзін аман алып қалғысы келеді. Нәрестеге қол ұшын берем десеңіз, Галина Лапина-Смирнованың нөміріне ақша аударуға болады:

+7 747 194 12 12