Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

СҚО-да барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткер ретінде 556 адам тіркелген

21.02.2023ж. 20:00
1048
СҚО-да барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткер ретінде 556 адам тіркелген

Солтүстік Қазақстан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткер ретінде 556 адам тіркелген. Бүгін орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысында сайлау алды науқанның тәртібі пысықталды. Теріскейде кандидаттардың жоғары белсенділігі байқалады. Әр орынға үш адам бақ сынайды. Бес жүзден астам үміткердің басым бөлігі - ер адамдар. Алайда, сайлау ережесіне сәйкес әйелдер мен жастардың үлесі нормаға сай болып отыр. Яғни, 30 проценттен кем емес.

Сағындық МАУҒАЗИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Облыстық мәслихатқа 6 партия өз тізімін ұсынды. 65 кандидат енгізілген ол тізімге. Жалпы бұдан басқа аудандық мәслихаттардың 145 округі бойынша 450 кандидат тіркелді. Бүгінгі таңда олар сайлау алды үгіт насихат жұмысына кірісті.