$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Оралда волейболдан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогына арналған чемпионат басталды

21.02.2023ж. 20:00
1334
Оралда волейболдан Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогына арналған чемпионат басталды

Ұлттық ұланның ХХІ Спартакиадасы Орал қаласында жалғасты. Бұл жолы әскерилер волейболдан бақ сынап жатыр. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Кубогына арналған чемпионаттың бас жүлдесін 7 аймақтық қолбасшылықтың жауынгерлері сарапқа салады. Алматы, Қарағанды, Өскемен мен Астана қалаларындағы өңірлік қолбасшылықтар мен Ұлттық ұлан Академиясы кіл мықтыларды іріктеп жіберіпті. Бұл жарыста әдемі ойын өрнегін көрсетіп, шеберлігімен танылған спортшы әскерилер арнайы номинация бойынша марапатталады.

Сәтжан ӘБІШЕВ, БАС ТӨРЕШІ:

Командалардың барлығы оқу-жаттығу өткізді. Іріктеу жарыстарынан өтті. Енді мына осы іріктеу жарысына келіп отыр. Осыдан іріктеліп алынған сарбаздар ішкі істер министрінің кубогіне қатысады.