Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Автонарық келер жылы да құлдырайды - Сарапшы

AstanaTV
02.09.2016ж. 20:00
1918
Автонарық келер жылы да құлдырайды - Сарапшы

Қазақстандық автонарық алдағы уақытта да құлдырайтын болады. Сатылым төмендейтінін автобизнес саласының сарапшысы Эдуард Эдоков айтты. Биыл 25 мыңдай ғана адам автосалоннан жаңа көлік мініп шыққан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге аз. Отандық өндіріс те 60 пайызға төмендеген. Бұған биыл енгізілген утильдеу жиыны мен алғашқы тіркеуге жұмсалатын қосымша шығындары себеп.

Эдуард Эдоков, Қазақстан тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы:

Мұндай шаралар Ресейден болсын, Германия, Америкадан әкелінген болсын, отандық болсын, кез келген бағытты тұншықтырып тастайды. Мысалы, бұл төлемдер енгізілмей тұрған кезде, былтыр Хюндай көлігінің бағасы 2,5 млн 3 млн теңгеге дейін еді. Ал қазір 3 млн басталып 4 млн теңгеге дейін жетеді. Одан да қымбаттары бар. Ал халықтың кірісі қысқарып қалды. Сондықтан олар салондарға жүгіріп көлік алады деу -қиял.

Толыққанды материалды ертең 20-00-де жаңа маусымын ашатын "Біздің уақыт" бағдарламасынан көре аласыздар.