$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Парламент палаталарының кезекті сессиясы ашылды

AstanaTV
03.09.2016ж. 20:00
1585
 Парламент палаталарының кезекті сессиясы ашылды

Бүгін жаңа аңшылық маусымы басталды. Қандай аңдарды атуға рұқсат етілгені туралы бағдарлама барысында айтамыз. Ал алдымен, «ашылған» жаңа саяси маусым. Қыркүйектің 1-де жаңа оқу жылымен бірге Парламент палаталарының жаңа сессиясы басталады. Биыл да Президенттің қатысуымен ашылды. Бірінші әрине, Мемлекеттік Әнұран орындалған.

Әнұран орындалады. 


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Депутаттар мен Үкімет мүшелеріне Әнұранның сөзін біліп, айтып тұрғаны жөн болады және жарасады, үндемей тұрмай.

Экономика бойынша детальді түрде алдағы аптада өтетін үкіметтің кеңейтілген жиынында айтады екен. Қиын экономикалық жағдайға байланысты республикалық бюджет 3 жылға емес, 1 жылға жоспарланады деген әңгіме болған, бірақ 3 жылдық болып қала беретін сияқты. Әзірге айтқаны:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Надо законодательно обеспечить сохранение объемов расходов на гарантированный государством социальный пакет. Речь идет, прежде всего, о пенсиях, пособиях,
стипендиях и других социальных выплатах для людей. Важно выстроить бюджетную политику таким образом, чтобы ни при каких обстоятельствах не было допущено снижения уровня жизни казахстанцев.

Парламенттегілерді терроризммен күрес бағытында қабылдануы керек заңдарға «аса мән беруге» шақырды. Олардың саны 7. Жаздың басында Ақтөбеде болған терактілер және «теракт» деп сипатталған жаз ортасында Алматыда болған оқиға, сонымен бірге тамыз айының соңында ойлары ылаң салу болған экстремистік топтардың ұсталғаны туралы хабарлар өкінішке қарай, террор қаупінің бізге де таңсық болмай қалғанын соңғы рет шегелегендей. Жаңа заңдарда барлауға қарсы жұмыстарды күшейту және ақпараттық қауіпсіздікті ерекше бақылауға алу қарастырылады екен. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Как показали события прошедшего лета, ни одно государство, ни одна страна в мире не застрахована от атак террористов. Террористическая угроза стала реальностью и для Казахстана. В результате террористических атак в Актобеи в Алматы погибли национальные гвардейцы, полицейские, ни в чем не повинные граждане.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қауіпсіздік саласындағы заңдармен жұмыс істеу - осы сессиядағы біздің басымдылықтардың негізгісі деп айтуға болатын шығар. Осы саладағы қандай да бір тетіктерді күшейту керек. Осыған байланысты жұмыс істейтін боламыз.

Жер мәселесі қалай айтылмай қалады?. Жерді сатуға байланысты заңға қарсы болып, жіліктеп тұрып қоғам қойған сауалдар бойынша жұмыс істеген комиссиясының ұсыныстары бөлек заң жобасына енгізілмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз шын мәнінде бір қолға жүздеген гектар жер беруге болмайтынын ескерген жоқпыз.Ешбір елде ондай жоқ. Ал біз осы бағытта жұмыс істей бастаған алғашқы уақытта бәрін бос жіберіп қойдық. Жерді алған адам жауап беру керек. Кім көрінген алып алды. Енді прокуратура, сотпен қайтарып әлекпіз.

Хабарлауға тұратын тағы бір жаңалық – тұрғындар үшін электр энергиясы тарифтерін төмендету туралы заң жобасы қарастырылады.

Ал биылғы ішкі жалпы өнім болжамы сол жоспарланғандай, жарты пайыз көлемінде қалады. Үкімет оны өсіре алмайтынын біледі. Таңғажайып болмайтынын...