Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қытайда қираған көмір карьерінде алты адам қаза тапты

AstanaTV
24.02.2023ж. 21:00
1089
Қытайда қираған көмір карьерінде алты адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігінде сәрсенбі күні көмір карьері қирауынан 47 адам із-түзсіз жоғалып, алты адам қаза тапты. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, ҚХР Ішкі Моңғолия автономия өлкесі Алашань аймағы аумағында көмір карьерінде тау жыныстарының құлауынан қаза тапқандар саны алтыға дейін өсті, тағы 47 адам хабар-ошарсыз кетті.

Соңғы ақпарат бойынша, үйінді астынан алты адам құтқарылған.

Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.