Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Тікұшақ пайдаланатын әуекомпаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

24.02.2023ж. 20:00
755
Тікұшақ пайдаланатын әуекомпаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі

Тікұшақ пайдаланатын әуекомпаниялардың қызметіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду айтты. Тексеріс кезінде қандай да бір кемшілік анықталса, ұшу қауіпсіздігінің барлық мәселелері шешілгенге дейін тиісті сертификаттар мен куәліктері тоқтатылады деді. Батыс Қазақстан аумағында апатты жағдайда қонған Ми-8 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты өткен жылы мамыр айында берілген деп атап өтті.

"Қазавиақұтқару" АҚ:

Кеңеске ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, аэронавигация, лицензиялау, авиациялық медицина, іздеу және құтқару департаменттерінің және ұшу қауіпсіздігі басқармасының өкілдері қатысты. Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалды.