Рио-да өткен жазғы Олимпиада ойындарына байланысты мынадай штрихтар. Мысалы, менің басымды шайқатқан Майкл Фелпс пен Усейн Болт.
Риодан кейін америкалық Майкл Фелпстің 28 Олимпиада медалі бар – оның 23-і алтын, 3-і күміс, 2-қола. -Оның денесінен допинг емес, мотор іздеу керек,-деп әзілдеген спорт журналистері. Ол расында өзі айтпақшы, «судың баласы». Айтпақшы, осы Олимпиада ойындарында Майклді пір тұтатын сингапурлық Джозеф Скулинг баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Фелпстен озып кетті.
Ал Риода 9-шы рет Олимпиада чемпионы болған жамайкалық Усейн Уолттың мына фотосуреті миллиондаған адамды еріксіз жымитты. Жүгіріп бара жатып, камераға бұрылып, күлімсіреу!!! Адамдар бұл суретті мемге айналдырды. – Фэйсбукке салатын сурет керектігі еске түсіп кеткен ғой,- деп қалжыңдады. Ал ол шынымен, «найзағай-адам».
Брасс әдісі бойынша 200 метрге жүзуде алматылық Дмитрий Баландиннің алтын медаль алуы тәнті етті. Суға жүзу бойынша тіпті жүлдегер емес, жеңімпаз атану негізінен шөл және шөлейтті біздің жерімізде тұратын адам үшін мүмкін екен. Яғни «адам мақсатынан айнымаса, ешнәрсе кедергі емес», дұрыс сенім.
Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Олимпиада жүлдегері болған Жазираның уақыты аз,түсінікті. Сұхбатты «Жедел сұхбат» деп сипаттайық. Сол шап-шағын интервьюде оның болмысы жарқырап тұр ғой. Ел қоржынына алғашқы медальді салған Галбадрах Отгонцэцэг екеуіне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі көрсеткен қошеметтен соң меншікті тілшіміз Айзада Төребекқызына айтқаны:
Жәзира Жаппарқұл, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері:
Есімде біз магазиннен 50 келі ұнды таситынбыз. Иығыма салып алып, келетін едім. 2 аялдамадай жер. 30,20 келілік ұнды да, шекер болсын, бәрін таситынбыз. Ол кезде көлік, автобус болмайтын.
Ашуланатын кездер болады. Өзіме. Әсіресе жаттығу кезінде ауыр жарақаттар алып қалған кездерде. Неге олай істедің, олай істемесең, болмайтын еді,- деп өз-өзіме кейде ашуланып қоямын.
Қазақ қызы болып, елімнің атын шығарып, тұңғыш жүлдегер болдым. Енді алтын қызы болайын.
Отбасын құру ойда бар. Көреміз. Жігіт бар ма? Бар!