Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі

AstanaTV
27.02.2023ж. 20:00
1195
Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі

Тайландта қаза тапқан отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында жол апатынан қайтыс болған. Бұған дейін әнші Дархан Жүнісбековтің продюсері қаржы жинап жатқаны туралы хабар тараған еді. Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі. Ал мәйітті жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі.