$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Массаж салонының атын жамылғандар қыздарды жезөкшелікке тәрбиелеп жүр

28.02.2023ж. 20:00
3302
Массаж салонының атын жамылғандар қыздарды жезөкшелікке тәрбиелеп жүр

Массаж салонының атын жамылғандар қыздарды жезөкшелікке тәрбиелеп жүр. Желіде қызмет ұсынған компания өкілдері бойжеткендерді жұмысқа алдап шақырып, олардың тәнін саудалайды. Бұрымдыларды интимдік қызмет көрсетуге итермелейтін «жеңгетайлармен» әріптесім Аружан Задабек кездесіп қайтты.

Желіде «массажист іздейміз» деген жазбаны көрсеңіз, түйіндеме жіберуге асықпаңыз! Өйткені, бұл – қыздарды теріс жолға салатын орталық болуы мүмкін. Олардың айлығы 800 мың теңгеден басталады. Ешқандай еңбек өтілінсіз қабылданасыз. Тек түріңіз келбетті, «фигураңыз» тартымды болса болғаны. Қоңырау шалып көрейік.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Объявление бойынша хабарласып тұрмын, массаж. Қалай болады? Менде сертификат бар. Қай жерде?

- На WhatsAPP напишите, пожалуйста!

Желідегі «жеңгетайға» жазып едім, әңгіменің ашығын айтты. Күдігіміз орынды екен. Бұл жәй массаж емес, ерлерге қызмет көрсету. Қыз саудасын жүргізіп отырған бұлар ғана емес. Астанада көше кезіп, өткен-кеткенге ашықтан-ашық қызмет ұсынатындар көп.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Елордадағы ескі вокзал маңындағы мына тұрғын үйді жеңіл жүрісті қыздардың отаны деген сыбыс бар. Өйткені, мұндай ұйымдасқан бір топ «жеңгетайлар» дәл осы жерде қыздарды сатады екен. Дәлірек айтар болсақ, мына бір қонақүйде олардың саудасы қызады.

Негізі «түнгі көбелектердің» саудасы аты айтып тұрғандай қараңғы кезде қызады. Біз бұл тұрғын үйдің маңына тал түсте бардық. Бір сағат бойы күзеттік. Осы уақыт ішінде көше бойында тұрған 2-3 әйелге көзім түсті. Әңгімеге тартайын деп, жанына жақындадым. Айтуға ауызым бармаса да, «жұмыс керек» дедім.

- Жаман жұмыс. Ақшасы жақсы. Қолға береді ақшаны. Соған қызығамыз. Басқа жерде бермейді ақша. 4-5 келеді. Я сейчас выйду, у меня деньги уже появляется. Квартирада отырады, біз тасимыз. Тасығанға 2 мың теңге береді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мұндағы балалар мен сияқты былай емін-еркін ойнай алмайды. Өйткені, дәл мына жерде ойын алаңы болса, екі аттам жерде әлгі біз айтқан жеңіл жүрісті қыздардың «жұмыс орыны». Ата-аналар балаларымызды емін-еркін ойнауға жіберуге қорқамыз деп отыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Балалар өтеді. Жәй өтесің, олар спакойно өткізбейді. 5-6 жүреді осы жерде. Свои услуги предлагает. Район мрачный, если честно.

- Көремін, көп көремін. Әсіресе, осы жақтан көп көремін. Қарауға да көзің шыдамайды ғой.

- Олар бұрын вокзалда жүретін, естігенім. Ол жақтан қысқаннан кейін, олар бері қарай шықты. Бұл жақтан қысып жіберсе, может жоғалатын шығар.

Біз сөйлескен «жеңгетай» жеңіл ақша табу жолына түскендердің дені – 18 бен 25 жастағылар дейді. Олардың қылмысы дәлелденсе, жаза жеңіл емес.

Дархан ӘБДІКӘРІМОВ, АСТАНА қ. ПД ҰҚҚКБ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ:

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жеңіл жүрушілікке арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлықпен айналысу бойынша 8 оқиға анықталып, сотқа жолданды.

Жеңіл жүрісті қыздар нәпақа табудың оңай жолын іздейді. Бел майыстыратын қара жұмыс пен бас қатыратын шаруа олар үшін тиімсіз секілді.