Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елімізде тыңайтқыштарды шет мемлекеттерге шығаруға шектеу қойылмақ

AstanaTV
02.03.2023ж. 22:17
892
Елімізде тыңайтқыштарды шет мемлекеттерге шығаруға шектеу қойылмақ

Еліміздің аумағынан көлікпен тыңайтқыштарды әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму комитеті ашық талқыға шығарған бұйрық жобасында жазылған.

«Қазақстан Республикасының аумағынан аммоний нитраты мен аммофосты автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген құжатта.

Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Индустриялық даму комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Бұйрық жобасы 17 наурызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.

Қоса кетейік, бұған дейін елімізден ірі қара мен ұсақ малды әкетуге тыйым салу жоспарланып отырғанын хабарлап едік.

Бұған қоса, ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға шектеу қойылады.