Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жапонияда бұрын белгісіз болып келген жеті мың арал анықталды

AstanaTV
03.03.2023ж. 22:30
947
Жапонияда бұрын белгісіз болып келген жеті мың арал анықталды

Жапондықтар өз еліндегі аралдарды санап шығып, олардың бұрын болжанғаннан 7 мыңға артық екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Жақында Жапонияның геокеңістік ақпарат агенттігі (GSI) цифрлық картаға түсіру нәтижесінде Жапонияда 14 125 арал бар екенін анықтады. Бұл 1987 жылдан бері ресми түрде пайдаланылған картографиядағы аралдардан екі есеге, яғни 6 852 аралға көп екені анықталды.

Kyodo мәліметінше, осы уақытқа дейін Жапония үкіметі осыдан 35 жыл бұрын елдің жағалау күзеті жариялаған мәліметтерді пайдаланған. Ол кезде жағалау күзеті шеңбері 100 метр немесе одан да көп аралдарды қолмен санаған. Ал көлдердегі немесе өзен құм жағасындағы аралдар қарастырылмаған.

Соңғы зерттеуде үкімет компьютерге негізделген GSI электронды жер картасын пайдаланып аралдарды автоматты түрде санады және картаны бұрынғы аэрофотосуреттермен және жасанды түрде қалпына келтірілген жерлерді алып тастау үшін басқа деректермен салыстырды.

Компьютер 100 мыңнан астам аралды анықтағанымен, ресми тізімге шеңбері 100 метр немесе одан да көп аралдарды ғана таңдап алды.

Жаңа көрсеткіш Жапония иелігіндегі жердің жалпы көлемін өзгертпеді. Сондай-ақ, аралдардың жаңа санына жасанды түрде қалпына келтірілген жерлер кірмейді.