Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Банкроттыққа өтініш беру басталды

03.03.2023ж. 20:00
2298
Банкроттыққа өтініш беру басталды

Бүгін банкроттыққа өтініш беру басталды. Азаматтар қандай жағдайда өзін банкрот деп жариялай алады? Өтініш берудің талаптары қандай? Тілшіміз Аружан Серік тарқатады.

Бүгін Астанадағы №2 Халыққа қызмет көрсету орталығында ине шаншар жер жоқ. Елордалықтар өтініш беру үшін таңертеңнен ұзын-сонар кезекте тұр. Бәрі банкроттық жариялағысы келеді. Ол тізімде Руслан да бар. 16 жыл несиесін төлемеген. Соның кесірінен не жұмысқа орналаса алмай, не қарызын өтей алмай жүр.

Руслан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қиын болған жоқ. Флешка сатып әкеліңдер деді. Мына жерге барып, регистрация істеттік. Сосын ана жерде адамдар толтырып, заявка жіберді. «Кетті сіздің өтінішіңіз» деді. 15 күннен кейін СМС келеді, сол кезде ответ айтылады.

Гүлсім Сәдуақасова бес баланың анасы. Күйеуі қарызға белшесінен батып, тығырыққа тірелген. Банкроттық жариялау – мәселесінің жалғыз шешімі екенін айтады.

Гүлсім СӘДУАҚАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазір мына адамдар очередь. Очередь алып, бүкілін сұраймын. Қандай документ, не істеймін, не істей аламын деп. Сол үшін келіп отырмын. Төлеп берсе, әрине, несие алмау керек. Алғаннан кейін төлеу керек.

Аружан ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Заң бойынша кімдер өтініш бере алады? Несие қарызыңыз 1600 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 5 520 000 теңгеден аспаса, оны кейінгі бір жылдың ішінде төлеуіңіз қажет болса да, өтеуге мүмкіндігіңіз болмаса, атыңызда жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскесі рәсімделмесе, өзіңізді банкрот деп танып, өтініш бере аласыз.

Банкроттықтың үш түрі бар. Соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру. Бірінші рәсімді тек банктер, миркоқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бойынша қолдануға болады. Ал сот банкроттығының мақсаты – борышкердің мүлкі есебінен кредитордың талабын барынша өтеу. Төлем қабілетін қалпыну келтіру рәсімі сот арқылы борышты 5 жылға бөліп төлеу мүмкіндік береді.

Банкроттық – қаржылық рақымшылық емес. Банкрот деп танылудың өзіндік салдары бар.

Ержан БЕКТІБАЕВ, АСТАНА қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке тұлға өзін банкрот деп танығаннан кейінгі 5 жыл көлемінде ешқандай несие алуға құқы жоқ. Соңғы 7 жыл көлемінде қайтадан банкрот процедурасын жасай алмайды. Және де соңғы 3 жыл банкроттықтан кейін өкіметтік орган тарапынан қаржылық жағдайына мониторинг жасалынып отырады.

Ипотека не үлкен сомадағы қарызы бар компания, жеке кәсіп не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қарызы есептелмейді. Бұл заңда тек жеке тұлғалардың, яғни қарапайым азаматтардың қарызы ғана қарастырылады.