Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Қажылық алдында Сауд Арабиясында әскери оқу-жаттығу өтті

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
2659
Қажылық алдында Сауд Арабиясында әскери оқу-жаттығу өтті

Сауд Арабиясында әскери оқу-жаттығу шаралары өтті. Билік осылайша қажылық кезіндегі қауіпсіздікті пысықтаған. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды. Әмірліктің "азаматтық қорғаныс" сарбаздары адамдар көп шоғырланған жерлерде әскери дайындықтары мен дағдыларын паш етті. Сондай-ақ, лаңкестік әрекеттерді  болдырмаудың айла-тәсілдерін көрсетті.

Айта өтейік, бүгінге дейін Сауд Арабиясына 1 миллионнан астам адам келіп үлгерді. Қасиетті Меккеге қажылық парызын өтеуге барлығы 1,5 миллиондай мұсылман жиналады деп күтілуде. Олардың арасында 3 мыңдай қазақстандық та бар.

Айта өтейік, өткен жылғы қажылық кезінде Мина жазығында кептеліс салдарынан 2 мыңдай адам қаза тапқан еді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА