$445.62 €479.4 ₽5.4
×

Түркияның Адыяман қаласында жер сілкінді

AstanaTV
04.03.2023ж. 14:12
313
Түркияның Адыяман қаласында жер сілкінді

Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы 4 наурыз, сенбі күні Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:27-де тіркелген.

Эцпицентрі Челикхан ауданында орналасқан.

Тереңдігі - 7 шақырым.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.