Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда футболдан кейін мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

AstanaTV
04.03.2023ж. 17:33
1142
Алматыда футболдан кейін мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды

Алматыда футбол матчынан кейін мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде оқушылардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Видео астындағы жазбада жанжал Орбита шағын ауданында болғаны туралы жазылған.

Алматы қалалық полиция департаментінде аталған оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның мән-жайын білу үшін төбелеске қатысушылар полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасындағы футбол турнирінің ұйымдастырушылары полицияға шақырылды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.