$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар саны күрт төмендеген

AstanaTV
05.03.2023ж. 14:03
952
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығушылар саны күрт төмендеген

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 наурызда ұсынған мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 38 жағдайы тіркелді. Бұл алдындағы күннің статистикасымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеу барын көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 4 наурызда ҚР-да коронавирус инфекциясын жұқтырудың 97 жағдайы, коронавирус белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы тіркелген болатын.

5 наурыздағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда елімізде 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 560+ және 166 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 121 науқас стационарда, 1 605 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр;

• 3 науқастың жағдайы өте ауыр;

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.