Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғылып рельстен шығып кетті

AstanaTV
05.03.2023ж. 14:07
1007
Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы локомотивпен соғылып рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін 5 наурыз күні сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір т/ж станциясында алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар пойызы маневрлік локомотивпен соғылған. Салдарынан «Бішкек-Самара» бағытымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті. Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру пойызы жөнелтілді», - делінген департамент хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша релістен шығып кеткен пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Жолаушылар зардап шекпеген, олар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

Апатқа қатысты жедел штаб құрылды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Еске салсақ, дәл осы Шалқар ауданында кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылды. Салдарынан бір қыз оқиға орнында қаза болып, ал төртеуі ауруханаға түсті. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, 2007 жылы туған қыз ауруханаға ес-түзсіз жеткізілді. Ол ашық бас-ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Дәрігер жағдайы өте ауыр деп отыр.