$526.81 €542.72 ₽5.16
×

БҰҰ мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады

AstanaTV
05.03.2023ж. 19:09
1250
БҰҰ мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады

100-ден астам елдің өкілдері БҰҰ-ның ашық теңізді қорғау туралы келісімге отыру процесін аяқтады. Экологтар қауымының пікірінше, бұл - теңіз биоәртүрлілігінің жойылуына қарсы және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге сеп көптен күткен қадам, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл келісімнің арқасында 2030 жылға таман олардың 30%-і қорғалатын акваторияға айналады.

Енді бұл аумақтарда кешенді экологиялық тексерулерден кейін ғана кеме қатынасы, су асты бұрғылау жұмыстары мен балық аулауға рұқсат етіледі. Ал қазір мұхиттың тек 1,2%-і ғана қорғалатын аймаққа жатады. Негізі келісім 20 жылдай дайындалған. Осы уақыт бойы халықаралық бірлестікке мүше елдер бір мәмілеге келе алмаған. Әсіресе балық аулау квоталарына қатысты келіспеушіліктер болды.

БҰҰ-ның Дүниежүзілік мұхит және теңіз құқығы сұрақтары жөніндегі елшісі Рена Ли:

Ұзақ жылдан кейін ақыры бір мәмілеге келдік. Енді техникалық тұстары қалды. Осыдан кейін құжат алты тілге аударылып, кейіннен бекітілетін болады.