Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Малайзияда су тасқыны болып, 40 мыңнан астам адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды

AstanaTV
05.03.2023ж. 18:56
818
Малайзияда су тасқыны болып, 40 мыңнан астам адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды

Малайзияның кейбір өңірінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 40 000-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұнда су тасқынынан кейін құтқару әрі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN хабарлауынша, сенбіде Джохор штатының билігі көлігімен су ағызып кеткен ер адамның өлімін растады.

Оңтүстік штаттағы қалаларда құтқарушылар мен волонтерлар түсірген видеодан топ адамның үй шатырларына шығып алғанын, ал баспаналары су астында қалғанын көруге болады.

Су тасқынын жою жөніндегі ұлттық агенттік ұсынған суреттерден кейбір аудандарда құтқарушылардың үйінде қалып кеткен адамдарды құтқару үшін суға сүңгуге мәжбүр екенін байқауға болады.

Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрахим жексенбіде тірі қалғандар мен эвакуацияланғандармен жүздескен соң Джохор штатына су тасқыны тән жағдай екенін, алайда үкімет оның салдарын жеңілдету жобаларын қолға алып, оны тездетіп жүзеге асыруға тырысатынын айтты.