$527.23 €544.05 ₽5.05
×

Доллар мен еуро бағамы төмендеді

AstanaTV
06.03.2023ж. 11:43
1072
Доллар мен еуро бағамы төмендеді

Ақша айырбастау орындарында доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыда доллар бағамын сату 436,05 теңге, сатып алу - 430,80 теңге. Еуроны сату бағамы - 464,29 теңге, сатып алу - 458,47 теңге. Ресей рублін 5,44 - 5,72 теңгеге сатып алуға болады.

Астананың айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы - 434,15 теңге, сатып алу - 430,22 теңге, еуро - 462,52 теңгеге сатылса, сатып алу - 457,24 теңге.