$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

AstanaTV
06.03.2023ж. 12:24
813
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

 Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты,-деп хабарлайды Ақорда.

«Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды», – деп жазылған жеделхатта.