Оның ішінде 5 113-і шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігі шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзушылықтарын анықтауға бағытталған "Мигрант" операциясын қорытындылады. Операция барысында полиция шетелдіктер көп тұратын жерлерді, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді.
"Операцияның 8 күнінде 9 мыңнан астам (9 213) көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды. Оның ішінде 5 мыңы (5 113) шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуымен байланысты. Айта кету керек, кейде пайда табу үшін жұмыс берушілер шетелдіктердің заңсыз еңбегінарнайы рұқсат құжаттарын алмай пайдаланады, осылайша азаматтарымызды еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады",-деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Елімізде шетелдіктердің аңсыз еңбек қызметіне қатысты 3 мыңға жуық (2 741) факті анықталды, 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Алматы және Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Сонымен қатар Алматы мен Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында бірнеше рет заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер белгілі болды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.