$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қор нарығында доллар бірден 5 теңгеге қымбаттады

AstanaTV
07.03.2023ж. 18:49
833
Қор нарығында доллар бірден 5 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті7

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 438, 57 теңге.

Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 83 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 438 теңге, сатып алу – 442 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439,6 теңгеден болса, сатып алу құны – 442,6 теңге.

Ресей рублі 5,65 - 5, 9 теңге аралығында саудаланып жатыр.