Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шараға қатысты

AstanaTV
07.03.2023ж. 20:00
1037
Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шараға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы «Жастарға салынған қаражат – ең ұтымды инвестиция» екенін атап өтіп, қоғамдағы әйелдердің рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, әйелдер әділ, дана әрі тапқыр басшы бола алатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қазір шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 42 пайызға жетті. Әр салада жемісті еңбек етіп жүрген қыз-келіншек көп. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың дүниетанымында әйелдің орны ерекше екенін атап өтіп, сұлулық пен нәзіктік, мейірім мен шапағат – бәрі де әйелдерден бастау алатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі.