Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан құрамасы Словениямен шешуші ойын өткізеді

AstanaTV
08.03.2023ж. 15:40
871
Қазақстан құрамасы Словениямен шешуші ойын өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатының 2-іріктеу сатысында төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Доп додасында қазақстандық футзалшылар 5-топта сынға түсуде. Қарсыластары - Словения мен Черногория.

Бүгін қазақстандық футзалшылар Словениямен шеберлік байқасады. 2022 жылдың 8 қазанында елімізде өткен алғашқы кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Кездесу елорда уақытымен 22:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, олар Черногорияны 7:0, 5:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Ел құрамасы 5-топта 3 ойыннан кейін 9 ұпаймен көш бастап келеді. Ал Словенияның еншісінде 6 ұпай бар.

Енді ел құрамасы Словениямен кездесуде кем дегенде тең түскен жағдайда элиталық сатыға жолдама алады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.