Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

AstanaTV
08.03.2023ж. 21:29
628
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың біріне қар көшкіні түсуі ықтимал.

«Бүгін сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынады», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.