$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Өртенген зауыттың тағдырын Еуропадан келген комиссия шешеді

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
1584
Өртенген зауыттың тағдырын Еуропадан келген комиссия шешеді

Қызылжарда өртенген зауыттың тағдырын Еуропадан арнайы келетін комиссия шешетін болды. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, 300 мың еуроның шикізаты өртенген, 20 шақырымға жететін дайын электр сымдары да жалынға оранды.

Павел Шкарин, зауыт директорының міндетін атқарушы:

Өрттің нақты себебін ешкім айта алмай отыр. Полицейлер бәрін тексеріп жүргенімен, қорытынды жасай алмай отыр. Сондықтан Еуропадан арнайы комиссия келмек. Олар қондырғыларды тексеріп, зауытты қайта қалпына келтіру-келтірмеу мәселесін шешеді.

Еске салайық, өткен сенбіде Петропавлда электр сымдарын шығаратын зауыт өртенді. Кәсіпорын биыл қаңтарда ғана іске қосылған еді. ТМД елдерінде теңдесі жоқ инновациялық жоба инвесторлардың қаржысына салынған. Тапа тал түсте шыққан тілсіз жауды ауыздықтауға жетпістен астам адам жұмылдырылды. Алайда жалын тек кешке қарай ауыздықталған. Ғимарат түгелдей жанып кетті. 

Абзал ҚҰРМАНКИН