Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Чемпиондар лигасы: «Милан» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

AstanaTV
09.03.2023ж. 08:09
1194
Чемпиондар лигасы: «Милан» мен «Бавария» жарысты жалғастырады
сурет: sports.kz

UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында өткен түні қарымта тағы екі ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасы өз алаңында Италияның «Милан» командасымен шеберлік байқасты.

Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесуде «Милан» 1:0 есебімен басым түскен еді.

Бұл ойында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Қос ойынның нәтижесімен «Милан» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубын қабылдады.

1/8 финалындағы алғашқы кездесуде «Бавария» аталған қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл жолы олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты.

Енді 14 наурызда «Порту» (Португалия) мен «Интер» (Италия), «Манчестер Сити» (Англия) мен «РБ Лейпциг» (Германия), 15 наурызда «Наполи» (Италия) мен «Айнтрахт» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) ойнайды.