Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Талдықорғанда тыр жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

AstanaTV
09.03.2023ж. 09:51
2630
Талдықорғанда тыр жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Талдықорғанда ер адам базардың маңында тыр жалаңаш жүрген. Куәгерлер оны видеоға түсіріп, krisp.tdk Instagram-парақшасына салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео авторының сөзінше, жалаңаш жүрген ер адам айналасындағы адамдардың есін шығарған.

"Әйелдер балаларымен шошып, бағдаршамда қызыл жанып тұрса да жүгіріп кетті. Қандай да бір шара қолданып, мұндай адамдарды бақылауға алу керек", - дейді парақша оқырманы.

Жетісу облысының Полиция департаменті өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді.

"Талдықорған қаласының полицейлері қалада жалаңаш жүрген ер адамды анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мас күйде жүрген. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, ер адамның психикалық жай-күйі тексеріледі", - делінген хабарламада.