Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда қатты дауылдан 4 ауыл жарықсыз қалды

09.03.2023ж. 20:00
768
Павлодарда қатты дауылдан 4 ауыл жарықсыз қалды

Павлодарда қатты дауылдан 10-нан астам ғимараттың шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Облыста 4 мектеп, 3 әкімшілік нысан, 3 үй мен ашық аспан астындағы сахнаның шатыры жұлынған. Ал 16 ауыл жарықсыз қалды. Қазір елдімекендерді электр қуатына қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. Шарбақты ауданының 4 ауылы кешелі бері жарықсыз отыр.

Ақылбек БАЯХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Шарбақты ауданында қиындық болып тұрғаны – ол орманның ішіндегі ауылдар. Қатты желден ағаштар құлап, сымдарды үзген. Қазір 2 бригада, 10 адам, 4 бірлік техника жұмысын істеп жатыр. Бүгінгі күн аяқталғанша, свет болады.

Ал синоптиктер желдің екпіні сағатына 32 метр секундқа дейін жеткенін айтады. Сондықтан алдағы күндерге де дауылды ескерту жарияланды.