$515.25 €535.91 ₽5.18
×

Сенімді ақтамаған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтен 3 жылға шеттетіледі

09.03.2023ж. 20:00
860
Сенімді ақтамаған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтен 3 жылға шеттетіледі

Мемлекеттік қызметкерлерге тықыр таянды. Енді сенімді ақтамаған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтен 3 жылға шеттетіледі. Заң жобасы бүгін Сенат отырысында мақұлданды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, аталған норма мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Әсіресе, қит етсе отставкаға кетуге дайын тұратын министрлер мен әкім қараларға бұл талап қажет деді. Айта кетейік, бұл норманы қолдану тек президенттің ғана құзыретіне кіреді.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саяси мемлекеттік қызметшілер отставкаға кете алады. Өзінің қалауымен немесе президенттің шешімімен отставкаға кетеді. Бірақ сенімін жоғалтты деген ұғым бізде заңда көрсетілмеген. Сондықтан қазіргі таңда өзінің жүктелген міндетін немесе тиісінше орындамаған кезде ол өзінің сенімін жоғалтты деген нормамен кетеді. 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке келмейді.