Жыл
соңына дейін Қазақстан Қытайға 30 мың тонна соя бұршағын экспорттайды. Екі ел
арасында фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойылуы нәтижесінде
осындай мүмкіндік туып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира
Исаева мәлімдеді.
Сонымен қатар Қытайға жылқы етін экспорттау жайына қатысты да құжаттар бар. Айта кетейік,
бүгінде Қытайға 120 миллион доллардың өнімі шығарылады. Жылқы еті мен басқа да
дәнді-дақылдар қосылған соң, бұл сома 3 есеге артады, - дейді министрліктегілер.
Гүлмира
Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Салыстырмалы
түрде айтар болсақ, 2014-2015 жылдары Қытайға шығарылған бидайдың көлемі 110 мың
тонна болатын. Ал соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 414 мың тоннаны құрады. Демек
бидай экспорты 4 есеге артты деген сөз. Жалпы көрсеткіштер әлі де өседі деген
сенімдеміз.