Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Талғат Мұсабаев «Қазғарыш» комитеті басшылығынан кетті

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
4076
Талғат Мұсабаев «Қазғарыш» комитеті басшылығынан кетті

Инвестициялар және және даму министрлігіне қарайтын Аэроғарыш комитетіне жаңа төраға тағайындалды. Бұл орынға бұған дейін Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Еркін Шаймағамбетов лайық деп танылды. Аталған ақпаратты Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, «Қазғарыш» құрылған сәттен, яғни 2007 жылдан бері оны Талғат Мұсабаев басқарып келді. Ал жыл басында Мұсабаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған-ды. Содан бері «Қазғарыш» төрағасының орны бос тұрған. Бұл жөнінде комитет ресми түрде хабарлама таратты.