Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Халықаралық ғарыш стансасының «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесі жерге қонды

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
4012
Халықаралық ғарыш стансасының «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесі жерге қонды

Ғарышкерлер жерге оралды. Халықаралық ғарыш стансасының «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесі бүгін таңертең Жезқазған жеріне қонды. Алыс сапардан сәтті оралған шетелдіктерге аймақ басшылығы қонақжайлық танытып, сый-сияпат көрсетті.

Асылбек Дүйсебаев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

Біздің сіздерге деген құрметіміздің белгісі ретінде осы ұлттық киімдерді қабыл алыңыздар. Бұл сіздердің ғарыштан жерге оралған сәттеріңізді естеріңізге салып тұратын болады.

Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка, американдық астронавт Джеффри Уильямстар ұшқан ғарыш кемесі Жезқазған қаласынан 148 шақырым қашықтықта қонған. Экипаж мүшелерін 12 тікұшақ, 4 ұшақ, сондай-ақ, 20 шақты автотехника мен 200-ге жуық әскери қызметкер қарсы алған. Ғарышкерлер қазақ жеріне түсе салысымен денені тік ұстап жүру секілді арнайы сынақтардан өткенін айтты. Мұндай тест нәтижесі болашақта мүмкіндігі шектеулі азаматтарды емдеу үшін қолданылмақшы. Ерекше жаңалықтарымен бөліскен ғарышкерлерге облыс басшылығы алғыс білдіріп, дәстүр бойынша иықтарына қазақтың шапанын жапты.

Олег Скрипочка, «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесінің экипаж мүшесі, Ресей ғарышкері:

Біз ғарышқа ғылыми зерттеу жүргізу үшін ғана барамыз. Ол адамзатқа пайда әкелсе, біз үшін үлкен жетістік.