Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Биылдан бастап өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспортқа шығаруға тыйым салынады

10.03.2023ж. 20:00
1210
Биылдан бастап өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспортқа шығаруға тыйым салынады

Биылдан бастап елімізде өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. Заңсыз экспорттағандарға қандай жаза қолданылады? Тілшіміз Дәрібек Бахытбектің бейнематериалы.

Еліміз жыл сайын шетелге 20-25 мың тонна балық эспорттайды. Оның 55% -өңделмеген балық. Ал, министрлік өңделмеген балықты эспортқа шығаруға тыйым салып отыр.

Ерасыл СУЫҚБАЕВ, ҚР ЭТРМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Балық өңдейтін зауыттардың ішкі нарықтағы жағдайын жақсарту мақсатында, сонымен қатар ішкі нарықтағы бағамдық бағаны төмендету мақсатында осы шектеулер енгізуде. Жайын және африкалық жайыннан бөлек көксерке балығының осы 6 ай мерзімге шектеу ұсынып отыр.

Кәсіпкерлер министрліктің бұл пікірін қолдап отыр. Себебі, шикізат тапшы.

Саламат ОМАРОВ, КӘСІПКЕР:

Ең басты проблема- ол балықтың жетіспеушілігі, балық шикізатының жетіспеушілігі. Себебі біздер экспорттағанда өңдеп жібереміз. Сол өңдегенде көбіне кептірілген балықтар немесе балықтың кесілген балықтар ол филе түрінде.

Ал, табиғатты қорғау прокурорлары заң күшейгенмен, қылмысқа тоқтау болмай тұр дейді. Мәселен, бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденгені және сақтағаны үшін атыраулық тұрғыннан мемлекетке келтірілген 130 млн теңге залал өндіріліп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған.

Еркебұлан ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫ:

93 адам сотталды. Оның ішінде 26-сы нақты бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалды. Жалпы азаматтардың құқық бұзушылықтар әрекетінен мемлекеттке 1,2 миллиард теңге залал келтірілді.

Айта кетейік, балық заңсыз айналымы үшін қылмыстық жаза қатаңдатылды. Енді табиғатқа келтірілген залал оны заңсыз аулағандар ғана емес, иемденіп, тасымалдап, сақтағандар үшін де қойылады.