Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ақтөбенің Кеңқияқ ауылының тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр

10.03.2023ж. 20:00
1111
Ақтөбенің Кеңқияқ ауылының тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр

Ақтөбеде Кеңқияқ ауылының тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Елдімекендегі жалғыз білім ошағының қабырғасы қақырап, іргетасы мүжілуде. 11 жыл бұрын ғана салынған ғимараттың мұндай жағдайға түсуіне не себеп? Тілшіміз Бақыт Рахметованың материалы.

Мектептің қазіргі сиқы -осы. Қабырғасы қақ айырылып тұр. Оның үстіне іргетасы үгітіле бастаған. Ата-аналар жауын жауса, мектептің төбесінен су сорғалайды дейді.

600 орындық мектеп 2012 жылы қолданысқа берілген. Құрылысқа 450 млн теңге көлемінде қазына қаражаты жұмсалыпты. Қазір мектепте екі ауысыммен 1200 бала оқып жатыр.

Гүлдана ТҰРДАЛИНА, ТҰРҒЫН:

Мектеп қабырғаларына су кетіп, қабырға құлағалы тұр.Фундамент астына су кетіп тұр. Қазіргі таңда бұл мәселе күрделі шешімді талап етіп отыр. Біздер олқылықтарды көзбен көрдік. Ата ана ретінде онлайнға балаларды ауыстыруға өтініш берілді, бірақ өтініш қаңағаттандырылмады. Себебі, тоқсан аяқталуға бір жеті уақыт бар.

Бұған қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталды.

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Басқа қандай деффект бар техникалық экспертиза жасау үшін құзырлы орындардың мамандары кетті. Бұл мектепте қауіп бар ма толығымен тексеретін болады. Құлағалы тұрған қабырға толығымен алынып тасталды.

Арнайы комиссияның жұмыс қорытындысы бір аптада дайын болады. Ал мектепте енді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.