Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Германияда әуежай жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

AstanaTV
13.03.2023ж. 15:26
1099
Германияда әуежай жұмысшылары тағы да ереуілге шықты

13 наурызда Гамбург әуежайында жоспарланған 123 рейс және қонуға тиіс 121 рейстің кем дегенде 50-і тоқтатылады. Ереуілді Ганновер мен Берлин әуежайлары да жалғастырмақшы, деп хабралйды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні кешке Гамбург әуежайында қызметкерлердің наразылық ереуілдері басталды.

13 наурызда әуежайда жоспарланған 123 рейстің барлығы және қонуға тиіс 121 рейстің кем дегенде 50-і тоқтатылады, көптеген рейстер кейінге шегерілуі мүмкін.

Verdi кәсіподағы әуежайдың 2 мыңға жуық қызметкерін шақырған ереуіл 13 наурыздың кешіне дейін жалғасады.

Гамбург мектептерінде көктемгі демалыс екенін ескерсек, оның салдары ондаған мың әуе жолаушыларына әсер етуі мүмкін.

13 наурыз күні таңертең Ганновер әуежайы мен Берлин әуе айлағындағы BER қызметкерлері де Гамбургтегі әріптестеріне қосылды.

Ver.di кәсіподағы федералды және коммуналдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 10,5 пайызға және айына кемінде 500 еуроға көтеруді талап етеді.

Өз кезегінде жұмыс берушілер екі кезең бойынша жалақыны кезең-кезеңімен 5 пайызға көтеруді және қызметкерлерге 2500 еуро көлемінде біржолғы төлем беруді ұсынып отыр.

Тараптар арасындағы келіссөздің үшінші кезеңі Потсдамда 27-29 наурыз аралығында өтеді.

11 наурыздағы тарифтік келіссөз барысында тараптардың ымыраға келе алмауына байланысты Ver.di кәсіподағы Германияның солтүстігіндегі бірқатар әуежайлардың қызметкерлерін ереуілге шақырды.

Ереуіл Гамбургтен басқа Берлин, Ганновер және Бремен әуежайларына да ықпал етуі мүмкін.