$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда есірткі сатумен айналысқан 8 адам ұсталды

AstanaTV
13.03.2023ж. 15:34
1521
Алматыда есірткі сатумен айналысқан 8 адам ұсталды

Есірткі сатумен айналысқан күдіктілер бөлшек сауда үшін “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта синтетикалық есірткіні көтерме де, бөлшек саудада да сатушыларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен аптада ғана қалада 8 есірткі сатушы ұсталды. Қылмыстың жасалу механизмін саралай келе, полиция қызметкерлері, “көтерме саудагерлер” Алматы облысындағы жұмыс берушілерден тауар алатынын анықтады. Әдетте, “қоймалар” қараусыз қалған немесе таулы аймаққа орналастырылады.

29 жастағы Т. есімді азамат. Одан 1,5 келіден астам есірткі тәркіленді.

 – Мені полиция қызметкерлері Алғабас шағын ауданында ұстады. Бұл синтетикалық заттарды мен Алматы облысындағы Қаскелең ауданында бетбелгілер арқылы көтердім. Менің пәтерімнен барлығы 1,5 келі табылды. Заңсыз жұмыс жасауға кіріскеніме өкінемін. Бәрібір түрмеге түсесің, бәрібір ұсталасың, – деді ол.

22 жастағы С. есімді азаматтан заңсыз айналымдағы 110 бума синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Мен “пакетті алып барасың, сосын ақша жібереді” деген нұсқау алдым. Мен мұны аптасына екі рет жасадым. Үшінші ретте мені полиция тоқтатты, – деді өз сөзінде С. есімді азамат.

Тағы бір 22 жастағы Ж. есімді азаматтан да заңсыз айналымдағы 110 бума синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.

Сыныптасым сөмкені апарып беруді өтінді. Бірінші ретте қолымнан келді, екіншісінде ұсталдым. Барлығына күмәнді жұмыстармен айналыспауға кеңес беремін, – дейді ол.

18 жастағы А. есімді азаматтан 1 келі 400 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Полиция қызметкерлері мені меф есірткісін қойып жатқанымда ұстады. Қазір жағдайым өте нашар: жеңіл ақшаның соңынан кеттім. Жастарға есірткі сатумен айналыспауларын сұраймын, әйтпесе бүкіл өмірің құртатынын ескертемін, – деп түйіндеді А. есімді азамат.