$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Тобыл өңірінде салмағы 7 келіге жуық сәби өмірге келді

13.03.2023ж. 20:00
1136
Тобыл өңірінде салмағы 7 келіге жуық сәби өмірге келді

Тобыл өңірінде салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді. Әулиекөл ауданының тұрғыны Әйгерім Долдашева облыстық аурухананың перинаталдық орталығында босанды. Ол құрсағындағы шақалақтың салмағы үлкен екенін алдын ала білген. Сондықтан отбасы да, дәрігерлер де дайын болыпты. Бала мерзімінде кесар тілігі арқылы туған. Туу кезеңі ауыр өткендіктен реаниматолог мамандардың көмегі қажет болыпты. Анасы екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, сәби анасының қасында дейді облыстық аурухана өкілдері. Алып қызға ата-анасы Айару деп есім берген. Ол отбасындағы үшінші бала.

Әйгерім ДОЛДАШЕВА, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Маған осы жүктілік кезінде қант диабеті диагнозы қойылды. Сондықтан баланың салмағы қосылды. Әйелдерге айтарым осылай қорықпай облыстық аурухана дәрігерлеріне сенім артуға болады.