Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Амал мерекесін тойлауға Отпан тауға 10 мыңнан астам адам жиналды

14.03.2023ж. 20:00
923
Амал мерекесін тойлауға Отпан тауға 10 мыңнан астам адам жиналды

Амал мерекесін тойлауға Отпан тауға 10 мыңнан астам адам жиналды

«Амал келді - жыл келді». Жылдағы дәстүр бойынша маңғыстаулықтар биыл да Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде қарсы алды. Шараға 10 мыңнан астам адам келді. Төс қағыса көрісіп, арадағы өкпе-ренішті кешірді. Мерекеге орай 50-ге жуық киіз үй тігіліп, меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Жиналғандар концерттік бағдарламадан бөлек, ат спорты ойындарын, балуандар күресін және басқа да ұлттық спорт түрлерін тамашалады. Көрісу мерекесіне арнайы барған Ерлан Қошанов жұртшылықты құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ерлан ҚОШАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Бүгінгі мемлекетіміздегі болып жатқан оң өзгерістер былтыр президентіміз тура осы Амал күндері жариялаған Жолдаудан басталды. Барлығымызды осы ұлы мерекемен құттықтаймын. Амалдан амалға аман-сау бәріміз жетейік, бәріміз бірге болайық. Бір болайық! Еліміздің болашағы үшін еліміздің тұрақтылығы үшін, еліміздің, халқымыздың болашақ бақытты өмірі үшін бүгін бәріміз тілеу тілейік.