$472.49 €515.44 ₽5.41
×

Көрісу мерекесі Алматыда тойланып жатыр

14.03.2023ж. 20:00
477
Көрісу мерекесі Алматыда тойланып жатыр

Көрісу мерекесі Алматы шаһарында да тойланып жатыр. Қала тұрғындары Көктөбеде жиналып, мерекелік концертті тамашалады. Әннен шашу шашылып, ұлттық тағам түрлері ұсынылды. Қолөнер бұйымдары және ұлттық киімдер паш етілді.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Көрісу дегеніміз -дайындық. Қандай кезеңде болмасын Көрісуді қазақтар жоғалтқан емес. Көрісу кезінде өкпе болса, ұмытылу керек, кешіру керек бірін бірі. Наурыздың қасиетті күніне кешірім деген қасиетті сөзді арқалап, осындай бір ішкі дайындығымен арылып, тазарып бару керек деген сипатта айтылған мереке - бұл.

Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша мереке күні жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету- амал мейрамының басты шарты. Көпбалалы Ермұхамедовтер әулеті де бұл дәстүрді бұлжытпай орындап жүр. Ата-анасын 70 жас мерей тойына құрмет көрсетіп, немере-шөберелер Алматының төрінде бас қосты.

Жаңыл ҚЫДЫРҚОЖАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Мейрамымыз құтты болсын, құт-береке әкелсін жылдан жылға жете берейік. Бар мейрамдарың қүтты болсын. Мына бала-шағама тілейтінім аманшылық, елге тілейтінім тек тыныштық. 6 балам бар ғой, олардан көгеріп, көктеп жатырмын, құдай мың да бір шүкір.

Нұғман ЕРМҰХАМЕДОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз енді міне 70 жасқа келдік. Осы мына біздің өсіміміз- мыналар. Немере-шөбере, келін, бала осының барлығы міне біздің байлығымыз осы. Бәріңізді осыған жеткізсін. Міне осы бар әулетімізбен келіп тұрмыз, кемпір мен екеумізге 50 жыл болыпты.