Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті. Жиын соңында ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
С. Оралбеков