Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Әр адам болашақ үшін дауыс беруі керек», - М.Жұрынов

15.03.2023ж. 20:00
769
«Әр адам болашақ үшін дауыс беруі керек», - М.Жұрынов

«Сайлауда әр азаматтың дауысы маңызды». Профессор, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов осылай дейді. Профессор бұл сайлаудың ерекше екенін, сонымен қатар, аралас сайлау жүйесін қолдайтынын атап өтті.

Рахман АЛШАНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Бұрын да сайлауға қатысып жүрміз ғой. Бірақ осы кезеңде ерекшеліктер көп. Үміткерлердің саны қыруар. Таңдау бар. Өз пікірлерін ашық айтып жатыр. Жағдай жасалды. Болашақ өзімізден.

Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Жұрынов та өзінің әр уақытта сайлауға қатысып, дауыс беретінін айтады. Ол үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен жақсы танысқанын айтты. Депутаттарға үлкен жауапкершлік артылады дейді.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен депутаттардың алдына екі-ақ мәселе қойғым келеді. Бірінші, ол өзінің «Қазақстан» деген халықты сүю керек. Шын жүрегімен оған қызмет етуге дайын болуы керек. Екінші – ол біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау керек. Әр адам осы сайлауға барарда жақсылап ойланып, халықтың болашағын ойлап, сол болашаққа дауыс беруі керек.