Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Биыл бидай сапасы былтырғымен салыстырғанда едәуір төмен - АШМ

Биыл бидай сапасы былтырғымен салыстырғанда едәуір төмен - АШМ

Биыл бидай сапасы былтырғымен салыстырғанда едәуір төмен болуы мүмкін. Бұған қолайсыз ауа райы себеп болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында сала вице-министрі осыны мәлімдеді. Дегенмен жағымды жаңалық та жоқ емес, биыл диқандар былтырғымен салыстырғанда 427 мың гектардай жерге, яғни 2 пайызға артық алқапқа астық еккен.

Жалпы алғанда, масақты дәнді дақылдар
  15 млн гектарға, майлы дақылдар 2 млн га, картоп және көкеніс пен бақша өнімдері 500 мың гектарға жуық жерге отырғызылған. Бидай өнімінің былтырғымен салыстырғанда сапасының төмен болуына бірінші ауа райы қолайсыздығы әсер еткен, - дейді мамандар. Ал жалпы өнімді жинау науқанының көрсеткіші мынадай. 


Сәбит Қашқымбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Қазіргі кездерде оңтүстік облыстарда, Алматы облысын қоспағанда, астық жинау науқаны аяқталды. Қалған облыстар жинау жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күнде астық жинау 8 млн га асып, 54 пайызы жиналды. Бастапқы салмақта астықтың 12,5 млн тоннасы жиналды. Өнімдік 1 га-дан 15 центнер құрап, былтырғымен салыстырғанда 4 центнерге артық.

Сонымен қатар астық бағасы шығын көлемі негізін есптей отырып қойылған. Қазір біздегі баға көршілес Ресеймен бірдей, бұл өз кезегінде Ресей мен Беларусь өнімдерінің біздің нарыққа өтуіне мүмкіндік бермейді, - деп топшылап отыр мамандар. 

Д. БАҚДАУЛЕТ